Қос Кореяның шекарасында жарылыс болды

Primary tabs

Мау 17, 2020 / 0 комментарии

Корей Халықтық Демократиялық Республикасы (Солтүстік Корея) шекаралас Кэсон қаласындағы корейаралық байланыс орталығын жарып жіберді. Бұл туралы ВВС жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оңтүстік Корея шенеуніктерінің айтуынша, бұл қадам солтүстіктің әскери әрекеттерге көше бастағанын жариялағаннан кейінгі бірнеше сағат өткен соң жасалды. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2:49-да болды.

Бұл байланыс желісі КХДР аумағында 2018 жылы ашылды. Қаңтар айынан бастап коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген шектеулерге байланысты орталық бос тұрған.

Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы шиеленістің ушыққанына бірнеше апта болған. Оған солтүстіктен оңтүстікке босқындардың қашуының насихатталуы түрткі болды.

Пхеньян өткен аптада Сеулмен барлық ресми байланыстарды үзгенін мәлімдеді.

 

Солтүстік Кореяның Кэсон қаласындағы байланыс желісін талқандауы корейаралық татуластық пен ынтымақтастыққа жасалған символдық соққы болып табылады. Ким режимінің бұл әрекетімен әлемнен не қалайтынын ұғу қиын, алайда мұндай қадам ішкі үгіт-насихат үшін тиімді қолданылатын болады, - деді Сеулдегі Эвха университетінің профессор Лейф-Эрик Ислы.

 

Сарапшылардың пікірінше, Пхеньян АҚШ-пен арадағы ядролық келіссөздер бойынша тығырыққа тірелгендіктен ықпал ету тетіктерін күшейту үшін қолдан дағдарыс жасауға тырысуы мүмкін.

Техникалық тұрғыдан алғанда, екі мемлекет әлі де соғыс жағдайында, өйткені бейбітшілік келісіміне әлі қол қойылмаған. Қос Корея соғысы іс жүзінде, негізі 1953 жылы аяқталды.