Қошмамбет ауылының кіре берісінде 10 күн бойы қоқыс шашылып жатыр

Primary tabs

Қаң 06, 2020 / 0 комментарии

Бүгін, 6-қатрада Каскеленкз редакциясына Қарасай ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қошмамбет ауылына кіре берісте күл-қоқыс шашылып жатқандығы туралы тұрғындар шағымданып, хабарласқан болатын.

Олардың айтуынша, республикалық маңызы бар Астана тас жолының бойында жатқан тұрмыстық қалдықтар  10 күннен бері жиналмаған.   

Инстапарақшамызда осыған қатысты пост жарияланған соң округ  әкімшілігі аталған олқылықты дереу жойып, күл-қоқыстың түгін қалдырмай тазартып тастады.

Сондай-ақ жергілікті билік аталған жайтқа қатысты ресми жауап беріп, тұрғындардың өздерін де тазалық сақтауға шақыруда:

«Жамбыл ауылдық округі бойынша күл-қоқысты шығарумен “Айсұлтан” ЖК мекемесі айналысады, күл-қоқыс елді мекендер бойынша кестеге сәйкес, Республикалық маңызы бар тас жолының бойынан күнделікті алынады. Елді мекен тұрғындары қоқыс шығарумен айналысатын мекемемен келісім шартқа отырып, тас жолының бойына қоқыстарды шығармай өздерінің аулаларына жинақтаса мекеме тарапынан қоқыстар кестеге сәйкес алынады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы желтоқсан айының 25-ші жұлдызындағы N 1095 қаулысына сәйкес, күл-қоқыс шығару бәсекелестік ортаға берілген, жергілікті басқару органдары қоқыстарды тазалау іс-шараларына араласпайды».