Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерінің жұбайына арнайы сый көрсетілді

Primary tabs

Нау 10, 2020 / 0 комментарии

    Тәртіп сақшылары әр кезде де қызметтік парызын өтеу барысында  қаза тапқан әріптестерін бір сәт те естен шығармайды.

    Қарасай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ерлікпен қаза тапқан әріптестері Виктор Семенович Ивановтың жұбайын 8 Наурыз мерекесіне орай, арнайы барып құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

 

    Қарасай аудандық ішкі істер басқармасы Каменка бөлімшесінде қызмет еткен полиция капитаны  В.Иванов, 1998 жылдың 28-ші мамырында әдеттегідей кезекшілікке түседі. Кенет бөлімшеге  азамат Мелдібековтың үйіне қарақшылық шабуыл жасалғандығы туралы хабар түседі. Виктор Семенович жедел әрекетке көшіп, жанына полиция майоры Ж.Омаров пен полиция капитаны К.Демесиновты ертіп, оқиға орнына барады.

    Алайда, қарақшылар оларға қарсылық көрсетіп, оқ атады. 

    Өкінішке орай, В.Иванов сол жерде қылмыскерлердің қолынан қаза табады. Ал жанындағы екі полицей жарақат алады. Дегенмен, қылмыскерлер құрықталады.

    Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін полиция капитаны Виктор Семенович Иванов «Айбын» орденімен (қайтыс болған соң) марапатталды.