Қылмыс әлемінің серкесі алматылық журналист Оралғайша Омаршанованы өлтірілгенін мойындады
Primary tabs
Қылмыс әлемінің серкесі алматылық журналисті өлтірілгенін мойындады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
2007 жылы Алматыда журналист Оралғайша Омаршанова із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Араға 15 жыл салып тергеушілер оның бейітін тапты.
Тергеушілердің айтуынша, журналистің жоғалуына оның кәсіби қызметі емес, тоғыз рет түрмеде отырған қылмыс әлемінің серкесі Серік Жаманаевпен болған жанжал себеп болған. Жаманаевқа соңғы сатыдағы бауыр обыры диагнозы қойылды, ол әйелі мен адвокатының көндіруінен кейін өз ісін мойындап, тергеуге белсенді түрде көмектесе бастады.