Қырымбек Көшербаев Қарасай ауданына келді

Primary tabs

Ақп 19, 2021 / 0 комментарии

Бүгін, Алматы облысына жұмыс сапары аясында, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаев бастаған делегация Қарасай ауданына да ат басын тіреді деп хабарлайды Kaskelen.kz. Атап айтқанда, Шамалған ауылындағы "Атамекен" орталығы мен «Úshqońyr» спорт кешенін аралап көрді.
Делегация құрамында - ҚР мәдениет және спорт министрі - Ақтоты Райымқұлова, Алматы облысының әкімі - Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі - Бақытжан Сағынтаев болды. Спорт кешенінің директоры - Дәурен Төлеген қонақтарға мектептің тыныс-тіршілігін көрсетіп, іс барысымен таныстырды.
Өз кезегінде қадірменді меймандар жас спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы уақытта танымал чемпиондарды шығаруға тілектестіктерін білдірді.