Қытайда 31 жылдан кейін бір-бірін көрген анасы мен ұлы егіліп жылады

Primary tabs

Шлд 01, 2021 / 0 комментарии

Қытайдың Гуйчжоу провинциясы Бицзе қалалық округінде 31 жыл бойы бір-бірін көрмеген анасы мен ұлы табысты. Көп жыл бұрын құлдыққа сатылып кеткен олар бір-бірін көргенде көз жастарына ерік беріп, егіле жылады деп жазады lenta.ru басылымы. 

Басылымның мәліметінше, 1990 жылы үш жастағы Тао Сяобин мен оның анасын ұрлап әкетіп, Шаньдун провинциясындағы отбасыға құлдыққа сатып жіберген. Бірнеше ай өткен соң Тао Сяобиннің анасы құл қылып ұстап отырған отбасынан қашып кеткен.

Десе де, әйел адам бұл жолы өзінің ұлын әкете алмаған. Біраз уақыт өткен соң Таоның анасы оны алып кетуге келгенде баласын таппай қалған. Осылайша, қытайлық азаматша ұлын қанша іздесе де, таба алмаған.

Бұл уақытта Тао Сяобин сол отбасында жұмыс істеп, олардың қарттары мен балаларын баққан. Кейін баланы Шаньдунь провинциясынан келген ерлі-зайыптылар асырап алған. 

Тао Сяобиннің сөзінше , ол жылдар бойы өзінің анасын ұмытпаған. Сонымен бірге, ер адам анасын табу туралы жоспар да құрған. Алайда оны асырап алған ата-анасы Таоның туған анасын табуына үзілді-кесілді қарсы болып, ер адамның анасын іздеп, табуына кедергі келтірген.

2021 жылы Тао Сяобин үйленіп, балалы болған. Сөйтіп еріктілердің көмегімен туған анасын іздей бастаған. Кейін ол анасының қай жерде екенін біліп, ДНҚ тестін жасаған. Тест қорытындылары оң нәтиже беріп, ер адам Гуйчжоуға анасымен кездесуге келген. Белгілі болғандай, жаһандық құлдық индексі ұсынған мәліметтерге сәйкес, тек 2018 жылы Қытайда 3,8 миллион адамның құлдықта өмір сүреді екен.