Үндістан Пәкістанға зымыран ұшырды
Primary tabs
Үндістан Пәкістанға зымыран ұшырды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.
Үндістанның қорғаныс министрлігі зымыран техникалық ақауға байланысты кездейсоқ Пәкістанға қарай атылғанын хабарлады.
«2022 жылдың 9 наурызында жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде зымыраннан ақау шығып кездейсоқ ұшырылды. Үндістан үкіметі осы жайтты жіті назарға алып жоғары деңгейдегі тергеу трибуналын құруға бұйрық берді», - делінген Үндістан қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Үнді тарапы орын алған жағдайға байланысты Пәкістан үкіметінен кешірім сұрады. Еске салайық, соғысып жатқан екі елдің де ядролық қаруы бар.