Ұлттық банк экономикалық белсенділіктің төмен қарқыны туралы айтты
Primary tabs
Мониторинг нәтижесі нақты секторда аздаған сұраныспен, кәсіпорындар өнімі бағасының өсуі баяулауымен, шекті қаржылық жағдай бар кәсіпорындардың үлесі ұлғайуымен экономикалық белсенділіктің төмен қарқыны сақталғанын көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, инвестициялық белсенділіктің, сатудың рентабельдігі, өндіру көлемі шамалы өскені және берілген кредиттердің көлемі аздап ұлғайғаны байқалады.
2020 жылғы 3-тоқсанда нақты секторда дайын өнімге сұраныс біртіндеп қалпына келгені аталды, диффузиондық индекс (ДИ) 42,0-ден 44,9-ға дейін өсті. Индекстің өсімі көрсетілетін қызмет секторында және тауар өндіру секторында байқалады. Кәсіпорындардың дайын өніміне баға өсу қарқыны бәсеңдеуі жалғасты, ДИ 55,0-ден 53,0-ге дейін төмендеді.
Өндіру көлемі ұлғайды, ДИ 43,1-ден 51,4-ке дейін өсті, сатудың орташа рентабельдігі шамалы ұлғайып, 22,2% болды. Пандемия мен карантин шараларынан ағымдағы жылғы серпін өткен жылғы өндіріс көлемі 2-тоқсаннан басталған үрдістен ерекшеленеді.
2020 жылғы 3-тоқсанда пікіртерім жүргізілген кәсіпорындардың 17,3%-ы кредит алу үшін банктерге жүгінді, кәсіпорындардың 16,4%-ы (немесе кредит үшін өтініш білдіргендер санының 94,8%-ы) кредит алды. Кәсіпорындардың басым көпшілігі (84,3%) айналым қаражатын қаржыландыру (материалдар, шикізат және т.б. сатып алу) үшін кредит алды.
Пікіртерімдердің нәтижелері бойынша 2020 жылғы 3-тоқсанда 37,0% кәсіпорын үшін Қазақстан экономикасының жай-күйі бизнес жүргізуге кедергі болып отыр. Нарықтық бәсекелестік (28,8%), сұраныстың жеткіліксіздігі (22,3%), салық ауыртпалығының деңгейі (21,1%) Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін басқа да басты кедергілер болып табылады. Бұл ретте, қаржыландыруға қолжетімділік (банктік кредиттеу талаптары) маңыздылығы жағынан жетінші орында (13,1%) тұр.
Кәсіпорындардың сауалнамаларын біріктіріп бағалауды білдіретін композиттік озыңқы индикатордың серпіні (КОИ) жоғары дәрежеге жеткенін және экономикадағы жағымсыз жағдайдың тұрақтануын көрсетті. КОИ 2-тоқсандағы сияқты 99,0 деңгейінде сақталды. 2020 жылғы 4-тоқсанда респонденттер экономикалық белсенділіктің аз да болса жандануын (КОИ – 99,4) күтуде.