Ұлыбритания тарапынан Қазақстанға ешқандай санкция болмайды

Primary tabs

Нау 06, 2022 / 0 комментарии

Ұлыбритания Ресейдің Украинадағы әскери операциясына байланысты Қазақстанға ешқандай санкция салуды көздемейді деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Ұлыбританияның Орталық және Оңтүстік Азия, Солтүстік Африка бойынша Мемлекеттік министрі Лорд Тарик Ахмад және Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Кэти Личпен кездесуі барысында белгілі болды.

 

Бұған дейін Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкомен кездесіп, депутат Маргарет Хедждің Қазақстанға қарсы санкция енгізу қажеттілігі туралы мәлімдемесіне түсініктеме берген болатын.