"Ұлы тұлғаға мұрт салғаны - ақымақтық": Алматыда Қонаев бейнеленген қабырға суретін әлдекімдер бүлдіріп кетті
Primary tabs
Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаев бейнеленген қабырға суретін бүлдірді
Instagram желісіндегі meganews.kz тобында жарияланған фотодан Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысына әлдекімдердің "мұрт салып" кеткенін байқауға болады.
"Ел үшін ерінбей қызмет еткен тұлғаны дәл осылай қорлау - масқара", "Қонаев бәрібір Қонаев болып қалады", "Бұған қалай ғана қолы барды екен", "Санасыздық", "Не мақсатпен бұндай қадамға барғаны қызық болып тұр", "Қонаевқа мұрт салған адамның қолын сындыру керек", "Бұзақыны тез арада ұстау жазалаған дұрыс" деді олар.
Бұл жағдайға қатысты KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне хабарласып, түсініктеме беруін сұрады. Айта кетейік, бұл қабырға суреті 4 жыл бұрын Алматы қаласының 3-шағын ауданында, №122 мектептің артында пайда болды. Оның авторлары - Tigrohaud crew бірлестігінің стрит-арт суретшілері.
Еске сала кетсек, Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы және Қазақ КСР Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.