ҰОС ардагері Павел Бутин Ұлы Жеңістің 75 жылдығына екі күн қалғанда дүниеден озды

Primary tabs

Мамыр 08, 2020 / 0 комментарии

Қарасайлық ҰОС ардагері Павел Бутин Ұлы Жеңістің 75 жылдығына екі күн қалғанда дүниеден озды.

Павел Павлович Бутин 1927 жылы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Белинский атындағы орта мектепте білім алған.

1944 жылдың қараша айында Кеңес әскері қатарына шақырылған. 1945 жылы Жапониямен соғыста болған.

Ал 1946-1951 жылдары Мәскеу маңында әскери қызметін өтеген.

(Суреттер "Огни Алатау" газетінен алынды)

1951 жылы туған жері Қаскелең қаласына оралған. Одан кейін отбасын құрып, көп жылдар бойы "Ленинский" совхозында еңбек еткен.

Ұлы Жеңістің мерейтойлық медалдарымен бірнеше мәрте марапатталған. Сонымен қатар, "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін", "Г.К.Жуков" атындағы медальдардың иесі.

Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс парадтарына бірнеше рет қатысқан.

94 жастағы ардагер 7 мамыр күні өмірден өтті. 

Kaskelenkz ұжымы ҰОС ардагері Павел Павлович Бутиннің туыстары мен жақындары қайғырып, көңіл айтады.

"Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды... "