ҰҚК шекара қызметінің 20 өкілі ұсталған сәттің видеосын жариялады

Primary tabs

Сәу 06, 2020 / 0 комментарии

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 20 шекара қызметкері ұсталған сәттің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі комитеттің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

 

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жедел-тергеу шаралары барысында шекара бекеттеріндегі 20-дан аса қызметкердің заңсыз ақша алып, қысқа уақыт ішінде миллион теңге, он мыңдаған доллар мен басқа да валюталар бойынша ірі сомаларды алып келгенін анықтады", - делінген видеоның сипаттамасында.

Еске салайық, ҰҚК осыған дейін Алматы мен Түркістан облыстарында шекара қызметкерлерін тінту жұмыстары жүргізілгенін айтқан еді.