Әкімдер халық алдында есеп беруде
Primary tabs
«Барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын, бірінші тоқсан ішінде халыққа есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, аумақтарды дамыту бағдарламаларының түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу, оны әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын айқындау бөлігінде жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру процесі туралы хабардар етсін» делінген Елбасының Жарлығында.
Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаевтың жыл сайынғы халықпен кездесуі ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Шамалған округінде басталады.
Кездесуде аудан басшысы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және келешектегі даму жоспарлары туралы баяндама оқып, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Қазіргі уақытта барлық округ әкімдері өз аумақтарында тұрғындар алдында есеп беру жиындарын өткізуде.