"Әкімдік қайда қарап отыр?"
Primary tabs
Қаскелең қаласының тұрғыны Kaskelen.kz редакциясына өзінің видео жолдап, өзі тұрып жатқан өзі тұратын көпқабатты тұрғын үйінің бірнеше мәселесін жіпке тізіп берді.Тұрғынның айтуы бойынша үйдің айналасында қоқыстар шашылып жатады екен.Сондықтан бұл мәселенің алдын алу үшін әкімнен арнайы шара қолдануын сұрад.Сонымен қатар, қаланың басқа жерлерінде тас жолдары салынып, дәл осы көшеге қанша жерден салық төлеп жатса да, жолдардың әлі күнге жасалмай жатқандығына нразылығын білдірді. Бұрындары атап өткеніміздей, әкімшілік бұл сауалға келгенде мәселені әрқашан мемлекеттің тарапынан ақшаның бөлінбеуімен байланыстырады.Тұрғын көпқабатты үйдің алдында балалар ойын алаңының жоқтығын да тілге тие кетті.Видео арқылы барлық мәселенің мән-жайын көрсеткен тұрғын өз өтінішін Қаскелең қаласының әкіміне жолдайды.