Өткен тәулікте Қарасай ауданында10 адамнан коронавирус анықталды.
Primary tabs
Өткен тәулікте Алматы облысында 86 адамнан коронавирус анықталды деп хабарлайды kaskelen.kz.
Соның ішінде Талдықорған қаласында 16 жағдай, Талғар ауданында 14 жағдай, Іле ауданында - 12, Қарасай ауданында – 10, Ұйғыр ауданында – 9, Қаратал, Панфилов аудандарында 7 жағдайдан, Жамбыл ауданында – 4, Балқаш, Еңбекшіқазақ аудандары мен Текелі қаласында 2 жағдайдан, Ескелді ауданында 1 жағдай тіркелді.
Сондай-ақ 38 адам жазылып шықты.
Өңір "САРЫ" аймақта.
Ауруханаларда 953 адам ем қабылдауда, 29-ның жағдайы ауыр. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 46,9 %-ке толған. 1 тәулікте 100 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Ауруханалардағы жалпы жатын орындары саны – 2030.
Соңғы 3 күнде 4934 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 44 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 451 446. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 11 147. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 248 885. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 3 978.