11 жасар қызды мектептен ұрлап кеткен

Primary tabs

Мамыр 23, 2019 / 0 комментарии

Қарасай ауданында қарызын қайтара алмаған соқталдай азамат мектептен шыққан 11 жастар қаршадай қызды ұрлап кеткен, деп хабарлайды Kaskelenkz  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

110 мың теңге алашағына қолы жете алмаған қылмыскер қызды білім ордасының алдында торуылдап, әкең күтіп отыр деген желеумен алдап, кепілдікке алған. Сосын ата-анасына хабарласып, қаражатты бір сағат ішінде карточкаға аударуды талап еткен. Қыздың анасы Ләззат Қуанова қарасайлық полицейлерге ерекше ризашылығын білдіруде. Себебі, олар жылдам әрекет етіп, қарақшыны құрықтамағанда, кішкентай қыздың өміріне қандай қауіп төнетіндігін болжау қиын екенін айтады.

Ал, аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі Самат Сатқанбаевтың сөзіне сүйенсек, іздестіру шараларының барысында қылмыскердің аудандағы ірі супермаркеттердің бірінде жүргені анықталған. Сол жерде бірден ұсталып, жасөспірім ата-анасының қолына тапсырылған. Ал, қамауға алынған азамат енді 7 жылдан 12 жылға дейін, адам ұрлау дерегі бойыша бас бостандығынан айырылуы мүмкін.