14 жасар оқушыны зорлаған қарағандылық молдаға қандай жаза кесілді

Primary tabs

Шлд 28, 2021 / 0 комментарии

Қарағандыда бірнеше рет жас баланы зорлау фактісі бойынша қолға түскен мешіт молдасына қатысты үкім жарияланды деп хабарлайды Қазaқпарат.

Басылым дерегінше, бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен жас қыз балаға қатысты күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып бірнеше рет зорлау фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша үкім жарияланды.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, оның заңды өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындысы және басқа материалдармен дәлелденген. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қаңтар айында ауыл мешітінің молдасы қызметін атқарып жүріп, сол ауылдың бір отбасына үй мен мал шаруашылығына көмектесіп жүрген. Бір күні үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып, дін қызметкері 14 жасар қыз баланы зорлаған.

Оның бұл әрекеттердібірнеше рет қайталағаны анықталып отыр. Салдарынан қыз баланың жүкті болып қалғаны да белгілі болды. Прокурор сотталғанды Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің заңды өкілі прокурормен келісті.

Алайда қорғаушы тарап сотталған кінәсін жартылай мойындағандықтан, оны катаң жазаламауды сұрады.

Нәтижесінде, соттың үкімімен айыпталушы жас баланы, оның дәрменсіз күйін пайдаланып бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылып, оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 20 жылға бас бостандығынан айыру және жазаны өтеу қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде тағайындалды.]

"Жазаны тағайындау кезінде сотталғанның бала кезінен үшінші топтағы мүгедек екені, бұрын сотты болмағаны және кінәсін жартылай мойындағаны, сонымен қатар жәбірленушінің пікірі ескерілді" делінген соттың хабарламасында.