3 мыңнан астам адам алғаш рет құжат алды
Primary tabs
Ішкі істер министрлігі құқықтық мәртебесін айқындау және құжаттандыру мақсатында құжаттары жоқ адамдарды анықтау жөніндегі республикалық акцияны жалғастыруда. Акция өткен жылдың қазан айында басталды және оның аясында 3 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжаттарын алды.
Олардың көпшілігі Алматы қаласында (300), Алматы (372), Қарағанды (353), Ақмола (279), Жамбыл (276) және Түркістан (284) облыстарында анықталды. Елордада 189 адамға құжаттар берілді.
Акцияны ағымдағы жылдың қаңтар айында аяқтау жоспарланған болатын, алайда құжатсыз тұлғалар санын қысқартудың маңыздылығын ескере отырып, жұмысты мамырға дейін ұзарту туралы алқалы шешім қабылданды.
Министр Ерлан Тұрғымбаев Көші-қон қызметі комитетіне азаматтарды құжаттандыруға бағытталған жұмысты жалғастыруды тапсырды.
– Азаматтығы жоқ адамдарды анықтау әлемдік проблема болып табылады, мұны тексеруге және анықтауға көп уақыт кетеді. Осыған қарамастан, өткен жылы іске қосылған акция мыңдаған адамға құжаттарын алуға көмектесті және алдағы айларда еліміздің тағы бірнеше мың тұрғыны құжаттарын рәсімдей алады, – деді министр Ерлан Тұрғымбаев кеңес барысында.