Baby boom: Елімізде бала туу көрсеткішінен рекорд орнатылды
Primary tabs
Қазақстанда бала туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатылды деп хабарлайды КТК арнасы.
Телеарна мәліметіне сенсек, елімізде бірінші тоқсанның өзінде 100 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашқан. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға жоғары көрсеткіш. Сәбилер санының артуы үш тоқсан қатарынан жалғасып келеді екен.
Әсіресе елдегі халық санының рекордтық өсімі Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың өзін-өзі оқшауда ұстағаны кезінде тіркеліпті. Былтыр 425 мың сәби өмірге келген.
Бұл 2019 жылмен салыстырғанда алты пайызға жоғары көрсеткіш. Сарапшылар бала туу саны биыл да жыл соңына дейін артып, Baby boom көрсеткіші жаңарады деген пікірде. Бала туу көрсеткіші артуының арқасында еліміздегі азаматтардың жалпы саны 19 миллионға жақындап қалды.