«Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытында онлайн түрде III Республикалық форумы өтті. Шара аясында Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылының тұрғыны Роза Бимухамбетова жеңімпаз атанған болатын. Ол ешкі сүтінен үй жағдайында мәйек ұйытып қайнату әдісімен құрт, сары май, ірімшік секілді табиғи өнімдер әзірлейді.