Қарақиялық тұрғын ешкі сүтінен табиғи өнімдер дайындайды

Primary tabs

Қар 23, 2020 / 0 комментарии

«Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытында онлайн түрде III Республикалық форумы өтті. Шара аясында Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылының тұрғыны Роза Бимухамбетова жеңімпаз атанған болатын. Ол ешкі сүтінен үй жағдайында мәйек ұйытып қайнату әдісімен құрт, сары май, ірімшік секілді табиғи өнімдер әзірлейді.

«Ешкі шаруашылығы - мал шаруашылығының бір саласы. Осы саланы қолға алғаныма 3 жыл болды. Ешкі өнімдерін дайындауды әрі қарай дамыту мақсатында Қазақстанда іске асырылып жатқан «Coca-Cola белестері» әлеуметтік жобасына қатысып, жеңімпаздардың бірі болдым. Осы жоба арқылы берілетін қаражатты кәсібіміздің ауқымын кеңейту үшін қажетті негізгі техникаларды сатып алуды ойлап отырмын» - деді ол.