Kaskelenkz-тің осы аптадағы жаңалықтар топтамасы
Primary tabs
Жалақы өседі, коммуналдық төлемдер арзандайды. 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті. Әлемдік төлқұжат-визалық бақылау қауымдастығы талаптарының күшейтілуіне байланысты заңға өзгерістер енгізілді. Техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі пайда болады. Ол кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды. Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі. Сақтандыру құжатын өзіңмен алып жүру міндетті емес. Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорт) болса жеткілікті. Биыл қазақстандықтарды тағы қандай өзгеріс күтіп тұр?
Қаскелеңде жаңа нөмірлі маршрутты автобустар пайда болды. Олар қай бағытта қатынайды?Бүгінгі таңда қарасайлықтар Қаскелең көшелерінен жаңа нөмірлі маршруттарды байқап жүр. Бұл маршруттардың нөмірі ғана өзгерді ме, әлде бағыты да өгерді ме. Осы ған орай Kaskelen.kz тілшісі Қаскелең автобус паркіне арнайы барып, мән-жайды білген еді.
«Қазіргі кезде Қарасай ауданы бойынша жолаушы тасымалымен айналысатын бізге қарасты 22 маршрут бар. Бәрі де халық игілігі үшін қызмет етеді. Бүгінгі таңда бірнеше маршруттың нөмірі өзгергені рас, алайда олар бағытын өзгерткен жоқ», -деді автопарктың атқарушы директоры Асанбек Қадыркулов. Ал қарасайлықтардың қоғамдық көліктердің жұмысына көбіне көңілі толмайды екен.
Танымал актриса қаскелеңдік мұғалімнің көлігінде отырған. Бұл кездейсоқтық па? Темір тұлпар тізгінінде отырған жігіт Қаскелеңдегі білім ордаларының бірінде ұстаздық еткен.
Кезекті сауалнама жергілікті жұртшылықтың қала әкімін танымайтындығын байқатты.
Толығырақ Kaskelenkz ютуб арнасынан көріңіздер.