NIS ұл балалары мектепке наразылық ретінде белдемше киіп барған

Primary tabs

Қзн 29, 2021 / 0 комментарии

 

Кеше Алматыда сегізінші сынып оқушысы 11 қабаттан секіріп кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап кетті.

Мектепке белдемше киіп барған ұл баланы кураторы ұрысып, мектеп психологына апарған. Оқушы психологпен сөйлескеннен кейін терезеден секіріп кеткен.

Бүгін Назарбаев зияткерлік мектебінің ұл балалары наразылық ретінде мектепке белдемше киіп барған. Олардың айтуынша киімнің гендері(жынысы) жоқ.

27 қазан мектептегі "Гарри Поттер" тақырыбындағы іс-шараға белдемше киіп барған ұл бала, көп қабатты үйден секіріп, мерт болған.

Полиция қылмыстық кодекстің 105-бабына (Өз-өзіне қол салуға итермелеу) сәйкес іс қозғады.

Алайда мектеп басшылығы баланың суицид жасауына белдемше мен психологтың қатысы жоқ дейді.

— Бұл сауық кеште болмады, тағы да қайталаймын. Бұл мектепте аптасына екі-үш рет өтетін іс-шара еді. (...) Белдемше дегенді қайдан шығарған? Жұрттың бәрі соны айтып жатыр. Ол белдемше киіп келмеді. Қайдан шықты бұл әңгіме? (...) Оны психологқа апарды дегені де өтірік. Бізде баланы күштеп психологқа апарады деген жоқ. Психолог балалармен үнемі араласып отырады, — дейді мектептің баспасөз қызметінің өкілі Жанар Адамбаева.

Алайда оқушылар мектеп әкімшілігі марқұмның белдемше кимегені туралы "өтірік" айтып жатқанын айтуда.

Оқушылар мектептегі буллингке (зорлық зомбылық) қарсы болу керек және үнсіз отырмау керек туралы акцияны әлеуметтік желіде таратуда.