Іле Алатауында жоғалып кеткен ер адам табылды
Primary tabs
18 шілде күні Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен ер адам табылды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды Мәншүк Мәметова шыңының мұздығынан тапқан.
Ол қатты тоңып қалған, дегенмен медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Құтқарушылар оған жылы киім берген. Қазіргі уақытта ер адам РЖҚЖ жедел тобымен бірге таудан түсіп келе жатыр
Еске сала кетейік, 27 жастағы азаматтың жоғалып кеткені 18 шілдеде күні белгілі болған. Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен ер адамның тауда жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Анықталғандай ол Мәншүк Мәметова көлінде түнеп, таңертең шыңға көтерілетінін айтқан. Кешке жақын ер адам досына хабарласып, шыңды бағындырғанын, дегенмен көмек қажет екенін және өздігінен түсе алмайтынын хабарлаған. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген.
Оқиға орнына бірден 1 бірлік автотехника, 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы аттанған. РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының (Тұйықсу базасы) альпинистерімен бірлесіп, іздестіруді бастаған. Альпинистерден 2 адам жұмылдырылған. Жедел топ Р№ 6 көліне дейін жетіп, Мәншүк Мәметова шыңына қарай жаяу көтерілген.