Баутин ауылында балалар қалашығы ашылды

Primary tabs

Жел 08, 2020 / 0 комментарии

«Теңізшевройл» ЖШС-нің қолдауымен Баутин ауылында балалар қалашығы ашылды. Бұл Орталық Азияның Еуразия Қоры арқылы іске асқан жаңа жоба. Бұл туралы жоба жетекшісі Тілектес Саденова мәлім етті.


 

«Әрбір тұрғын өз қаласы мен ауылының гүлденіп көркейгендігін қалайды. Бірлесіп жұмыс істесек, оған қол жеткізуге мүмкіндік болады. Сол себепті де осы мақсатты алдымызға қойып балалар қалашығын ашу туралы  ұсынысымызды жолдадық. Кейін қолдау тауып, бүгін міне грантқа қол жеткізіп отырмыз»,-деді Тілектес Сәденова.



Баутиндегі бос тұрған алаңды балалар қалашығына арнап дайындаған. Мұнда лабиринт, түрлі салада ойнайтын үйшіктер (дәріхана, полиция, мектеп, өнерлі балаларға арналған сахна т.с.с), әткеншектер бар. Жарықшамдар орнатылып, өрнектастар төселген.



На изображении может находиться: 1 человек, сидит