Қазақстандық 68 азамат елге қайтуға кезек күтуде

Primary tabs

Нау 04, 2022 / 0 комментарии

Қазір Польшаның Катовице қаласында Қазақстанның 68 азаматы елге қайтуға кезек күтіп тұр деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Украина мен Ресей арасындағы соғыс салдарынан Украинадан 431 Қазақстан азаматы эвакуацияланды.

 

Қазақстан Республикасының баспасөз қызметінің мәліметінше Украинадан шыққан қазақстандықтардың 404-і Польшаға, 21-і Молдоваға, 5-еуі Венгрияға, 1-і Словакияға қарай жіберілген.