Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының финалында чемпиондық үшін күресетін болады

Primary tabs

Нау 09, 2022 / 0 комментарии

Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының финалына қатысады деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Сенбі, 5 наурызда Норвегия құрамасын жеңген қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатының финалдық кезеңі – Дэвис кубогына қатысуға мүмкіндік алды.

 

Қазақстанға бұл жеңісті әлемнің сегізінші ракеткасы Каспер Рудты ұтқан Александр Бублик әкелді. Бұл ойынның нәтижесі: 6:4, 5:7, 6:4 Александр Бубликтің пайдасына шешілді.

 

Норвегиямен болған матчтың жалпы есебі 3:1. Мұндай есеппен Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінен шығып, теннистен ұлттық құрамалар арасындағы ең беделді жарыс Дэвис кубогының финалында чемпиондық үшін күресін жалғастырады.