Экс-президент Трамп Ресейге қатаң шара қолдану керектігін айтты

Primary tabs

Нау 14, 2022 / 0 комментарии

Трамп Украина төңірегіндегі жағдай үшінші дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін екенін айтты деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Ресей соғысты тоқтатпайды деп санайды және бұл үшін қандайда шара қолдану керектігін алға тартты. 

 

Трамптың пікірінше, «Америка Құрама Штаттары Путинге оның екі таңдауы бар екенін түсіндіруі керек – біріншісі дереу бейбіт келіссөздерді бастау, ал екіншісі найзағайдай тез соққыға дайын болу. Тағы айта кететін жайт батыс елдері ресейлік энергетикаға тәуелділігін жою керек», - деді экс-президент.