Жер күннің айналасында ма әлде күн жердің айналасында ма?

Primary tabs

Сәу 01, 2018 / 0 комментарии

Қаскелең қаласында бұл әлеуметтік сауалнаманы жасауымызға жастардың мектеп бағдарламасындағы ақпараттарды қаншалықты есте сақтайтынын анықтау себеп болды.  Сонымен қатар, еске түсіру арқылы жастардың білімін шыңдау болып табылады.

Ұлы Абай атамыздың шын есімі – Ибраһим. Ал, «Абай жолы» романының авторы – Мұхтар Әуезов. Әдебиеттен Абай атамыздың өлеңдерін бойымызға сіңіріп, өмірімізге өткізсек жаман болмаймыз. Керісінше, тағылымы мол өлеңдері талай жасқа тәлім беретіні сөзсіз. Сондықтан Абай атамыз туралы мәліметтермен танысып, ізденгеніміз жөн.

Диаметрдің жартысы – радиус екенін кез келген университет студенті білуі әбден мүмкін. Себебі, мектеп қабырғасында математика пәнінен қайтала оқытылатын тақырып.  Өмірдеде  қажет болатын ақпарат.

География пәніне де біраз  тоқталуды жөн көрдік. Жер күннің айналасында орналасқан ба, әлде күн жердің айналасында ма?  Төмендегі әлеуметтік сауалнамамызды көріп, бұл сұраққа да жауап таба аласыз. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген мәліметтерге байланысты жүргізген сауалнамамызға  алған қызықты жауаптарды да ұсынамыз.