Жаңа саябақ құрылысы басталды

Primary tabs

Мамыр 22, 2019 / 0 комментарии

Қарасай ауданының 90 жылдығына орай, Қаскелең қаласында көптеген іс-шаралар атқарылуда, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі.

Ауқымды құрылыс жұмыстарының бірі Қаскелең өзенінің жағалауында, атап айтар болсақ Абылайхан көшесінің жоғарғы бөлігінде  жүргізіле бастады. Болашақта бұл жерде керемет саябақ бой көтереді. Құрылыс жұмыстарын «BeyAzh Trans» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз қаражаты есебінен жасап жатыр. Серіктестік 2017 жылы құрылып, содан бері қарасайлықтардың игіліне қызмет етіп келеді.  Тұрғындардың құтты мекеніне айналатын саябақты аталған компания ауданның 90 жылдық мерейтойына тарту ретінде ұсынбақ.  

Мердігер мекеме өкілі Дауржан Бақтыбайұлының айуынша, жаңа саябақта үлкеннің де, кішінің де жақсы демалысы үшін барлығы ойластырылатын болады. Дәмханалар мен ойын алаңдары, көпір салынбақ. Ал, футбол алаңы жаңғырып, қайта тұрғызылады. Бұл мақсатта екі бригада жұмылдырылмақ.

 Саябақ құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген соң мұнда аранайы күзет қойылып, бейнекамералар да орнату жоспарда бар.

 Нұргүл Әлменбетова.