Жаңа маршрутты автобустар жүре бастады

Primary tabs

Жел 28, 2018 / 0 комментарии

«27 желтоқсаннан бастап Алматы мен Қаскелеңді байланыстыратын, «Сайран» - «Үшқоңыр» автобекеті аралығында қатынайтын №202 маршрутты автобустар жүре бастады» деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Олардың жүру уақыты таңғы сағ 5.40- түнгі сағ. 23.30 аралығы. Бағасы «Оңай» арқылы – 80 теңге, қолма-қол төлеу құны 150 теңге.

«Сайраннан» шыққан автобустар Қарасай ауданына қарасты  «Үшқоңыр» автобекетіне барып, қайтар жолда Қаскелең қаласының Жанғозин, Наурызбай батыр көшелерін басып өтеді.

Маршрутты іске қосқан «Алматыэлектротранс» ЖШС баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл бағыттағы автобустар қарасайлықтардың сұранысына сай жүре бастаған.