Қоғамдық көліктер қатаң бақылауға алынды
Primary tabs
Елімізде 10-17 қазан аралығында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Шара қоғамдық көліктердің қатысы бар жол-көлік оқиғаларын болдырмауға бағытталған.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері Алматы облысында автобус жүргізушілерінің кінәсі бар 316 көлік апаты тіркелген. Оларда барлығы 50 адам қаза тауып, 553-і зардап шеккен.
Қарасайлық полицейлер де бұл науқанға білек сыбана кірісті. Қоғамдық көлік тізгіндегендерге жол ережесін бұзудың салдары қаншалықты қиын екені түсіндіріліп, заңды белшесінен басқандар жазаға тартылуда.