Қаскелеңде бағдаршам неге істемей тұр?

Primary tabs

Қаң 16, 2020 / 0 комментарии

Қаскелең қаласындағы Наурызбай батыр және Жанғозин көшелерінің қиылысында бағдаршам жиі істен шығып қалады, деп шағымдануда қаскелеңдіктер.

Олардың айтуынша, бағдаршам істемеуінің  салдарынан осы аумақта жол-көлік оқиғалары жиі орын алады екен.

Көлік жүргізушілері де, жаяу жүргіншілер де жергілікті әкімшілік осы   мәселеге назар аударып, бағдаршамдарға жауапты мекемелердің өз міндеттерін дұрыс атқаруын талап етуде.