Қазақстан - Қытай шекарасы жабылды
Primary tabs
Қазақстан - Қытай шекарасы 25 маусымда жабылды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК мәліметінше, шекара Қытайдағы айдаһар-қайықтар мерекесіне байланысты жабылды. Мұның жыл сайынғы тәжірибе екені айтылады: екі ел арасында "Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы" 4-бапта жазылған келісім жасалды.
Комитеттегілердің айтуынша, 26 маусымда шекараның қайта ашылады.
Айта кетейік, Қытайда бұл күні түрлі-түсті қайықтармен есуден жарыстар ұйымдастырылады. Мереке ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының тізіміне енген.