Халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша акция басталды

Primary tabs

Шлд 01, 2020 / 0 комментарии

1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады. 

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген. 

Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады. 

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармай–ақ, Қарасай аудандық полиция бөлімшесінің 2983422, 872771-24112, 872771-22806 телефондарына немесе “102” номеріне хабарласса жеткілікті.  Жауапты қызметкер: аға инспектор полиция капитаны Альменбетов Ерлан Бакытжанович, тел. 87751000520.