Семіздікті тек қой көтереді деуші еді, мынау не деген сұмдық?

Primary tabs

Тмз 01, 2020 / 0 комментарии

Семіздікті тек қой көтереді деуші еді, мынау не деген сұмдық?

Бас пен сирақты үйітіп біреулерге беруге болмайды ма? Ішек-қарынды тазалау сонша ауыр ма?

Карантинде аш отырғандар қайда? Бүйтіп мал шалғанша, шалмағандарың артық шығар... Қаншама ысырап қой мынау.

Мал сойсаңдар берекесін кетірмей, орнымен, жөнімен жасауға болмайды ма? Осыны көріп жасағаннан кейін арларың тыныштала ма? Сөзім жоқ...

Қалалық болсам да, ішек-қарынды тазалап қуырдақ пісіргенді жақсы көремін, бас-сирақты тазалап асқан қандай керемет! Мұнда қаншама тамақ жатыр жерде... Обал-ай, обал...Малды бүйтіп қорламаса болмайды ма?!

Жыл сайын осылай, биыл адамдар тәубелеріне келді ме десем... Әй қазағым-ай, қойдың Шопан атасын ұмыттыңдар!

Пікір иесі: Айко Жетекбаева

(Серік Абас-шахтың инстаграм парақшасынан алынды)