Автономды жылыту жүйесі бар үйлер ТЖ қызметтерінің бақылауында
Primary tabs
Өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі негізінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа тұрғын үйлер де профилактикалық жұмыстармен қамтылады.
«ТЖ туындауға бейім және дербес жылыту жүйелері бар тұрғын үйлер де профилактикалық жұмыстармен қамтылады. Осылайша, мамандар 380 мыңнан астам үйді аралап, 852 мыңнан астам азаматқа нұсқау берді. Улы газбен немесе жану өнімдерімен улану қаупін азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен 11 мыңнан астам табиғи, улы газ және түтін датчиктері сатып алынды және орнатылды», - деп баяндады Ильин.
Өткен жылы 90 мыңнан астам құрылғы орнатылды. Дабылдың арқасында 80-нен астам адам уақытында эвакуацияланып, құтқарылды.