Зейнетақыны оңай рәсімдейсіз

Primary tabs

Қар 08, 2018 / 0 комментарии

Енді зейнетақыны рәсімдеу тәртібі жеңілдетілді. Бұдан былай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, зейнеткерлікке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттік қызметтер «бір өтініш» принципі бойынша  көрсетілетін болады.

Бұған дейін зейнеткерлік жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келіп зейнеткерлік жасқа жетуі және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтініш беріп. Содан соң  бір айдан кейін қайтадан мемлекеттік кепіл төлем жасау туралы өтініш жазып, бұған қоса,  бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдерді төлеу туралы өтініштер өткізетін болатын. Енді осы 4 қызмет үшін ХҚО-ға бір-ақ рет келіп, тек бір өтініш тастаса жеткілікті.

Композиттік қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдері және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтері кіріп отыр. Бұдан басқа,  (инфляцияның деңгейі мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы соммаларыныңарасындағы айырмасы) мемлекеттік кепілді төлемдерді төлеу проактивті түрде – адамның міндетті қатысуынсыз жүзеге асырылады.

 «Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ

 

баспасөз қызметі.