22 жыл жалданған пәтерде:Нұрқаділовтың қарындасы елден көмек сұрайды

Primary tabs

Қаң 27, 2021 / 0 комментарии

Белгілі мемлекеттік қайраткер марқұм Заманбек Нұрқаділовтің туған қарындасы елден көмек сұрады деп хабарлайды Kaskelenkz тілшісі. Екінші топтағы мүгедек Рая Қалабаева Алматы облысы Шонжы ауылында қуықтай бөлмені жалдап тұрады. Қызының айтуынша, 2018 жылы жасалған күрделі отадан кейін анасы ақыл-есін жоғалтқан. Ал қазір мүлде төсек тартып жатыр деп хабарлайды Уақыт көрсетеді арнасындағы "Ит өмір" бағдарламасы.
Рая Қалабаеваның қызы Әсел Қалабаева анасының аз күндік өмірі қалды деп топшылайды. Ол анасын ақтық сапарға шығаратын жағдайының жоқтығын алға тартып, көзіне жас алды.
"Осы кісіні ұзататын жерім жоқ. Бауырларының ешқайсысы көмектеспеді. Сіңлісі анау, ақшасын талан-таражға түсіріп, ұрып, өлтіріп тастаймыз деп айтқан екен. Анам баспана деп арманда кетіп барады", - дейді Әсел Қалабаева.
Бағдарлама жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбай Заманбек Нұрқаділовтің туған қарындасының үйсіз-күйсіз жүруін қазақ еліне үлкен сын деп атады.
Әселдің сөзінше, олар анасымен бірге 1999 жылдан бері пәтер жалдап келеді.