Тоқтар Серіковтің анасы қайтыс болды

Primary tabs

Нау 20, 2021 / 0 комментарии

Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаралы хабарды әншінің досы Сәкен Майғазиев Instagram-парақшасындағы жазбасында естіртті. 

"Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анымызға Фирдаус жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай", - деп жазды әнші. 

 

Ләйлә Сұлтанқызы, Ғаділбек Жаңай, Бейбіт Кушкалиев, Гүлнұр Оразымбетова сынды әнші-журналистер де көңіл айтты. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Тоқтар Серіковтің жары Бейбіт Сейдуалиева отбасында болған қайғылы оқиғаны Instagram-да бір қара суретпен көрсетті.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бейбит Сейдуалиева (@toktar_beibit)

Желі қолданушылары әншінің анасына көңіл айтып, сабыр тілеп жатыр.  

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TOKTAR SERIKOV (@toktar.serikov)

Тоқтар Серіков - қазақтың сүйікті әншілерінің бірі. Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер. Әншінің ата-анасы өмір бойы мал баққан шопан болған. Бұл туралы ол "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген.