Тоқтар Серіковтің анасы қайтыс болды
Главные вкладки
Тоқтар Серіковтің анасы Маруся Назарбекқызы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаралы хабарды әншінің досы Сәкен Майғазиев Instagram-парақшасындағы жазбасында естіртті.
"Тоқтар досым, Алла анамыздың алдынан жарылқасын. Сіздердей алтын асықтай ұлдар, инабатты қыздар тәрбиелеген аяулы анымызға Фирдаус жәннәт нәсіп болғай. Исі қазақ қайғыңа ортақ. Бекем бол, Тоқабай", - деп жазды әнші.
Ләйлә Сұлтанқызы, Ғаділбек Жаңай, Бейбіт Кушкалиев, Гүлнұр Оразымбетова сынды әнші-журналистер де көңіл айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тоқтар Серіковтің жары Бейбіт Сейдуалиева отбасында болған қайғылы оқиғаны Instagram-да бір қара суретпен көрсетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары әншінің анасына көңіл айтып, сабыр тілеп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тоқтар Серіков - қазақтың сүйікті әншілерінің бірі. Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер. Әншінің ата-анасы өмір бойы мал баққан шопан болған. Бұл туралы ол "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтады. Тоқтардың анасы он бір құрсақ көтерген.