Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

Primary tabs

Сәу 04, 2021 / 0 комментарии

Алматыда Рысқұлов көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі 4 сәуір күні түскі сағат 13:22-де Алматы ТЖД кезекші бөліміне Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы көшесінде орналасқан ғимараттың өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.
"ТЖД күш-құралдары жоғары дәрежелі шақырту бойынша Алатау ауданы Рысқұлов даңғылы, 258 мекен-жайына жіберілді. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде екі қабатты ғимараттың ашық жанып жатқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынымен барлау барысында ғимараттің ішінде адам табылған жоқ, өрт оқпандары беріліп, өрт автоцистерналары өрт гидранттарына орнатылды, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өрт болған жерге 18 техника мен 60 адам жұмылдырылды",- деп хабарлады департаменттен.

Айта кетейік,осыған дейін Ресейде дәрігерлер өрт шыққан ауруханада науқастың жүрегіне операция жасағанын жазған едік. Төтенше жағдай Благовещенск қаласындағы кардиоорталықта болған.