Үшқоңыр ауылының іргесі 1910 жылы қаланған. 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін кеңшардың орталығы болды.
Оның негізінде Шамалғанда және округке қарасты Айқым, Еңбекші, Құмарал, Сауыншы және Үштерек ауылдарында 700-ге жуық шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы бағытындағы 8 ЖШС, “Т.Рысқұлов атындағы университеттің биокомбинаты” ЖАҚ-ы, “Қазтеміржол-жабдықтау”, “Достар”, “Селден қорғау” ЖШС-тері орналасқан.