"Қаскелең" сөзі қандай мағына береді?
Primary tabs
Қаскелең сөзі - "Қашқа" және "йелең" деген сөздерден шыққан. Қашқа - сөзі көне түркі тілінде "тасқын, тасыған су, ағысынан бөлінген" деген мағынада айтылған.
Өзбектерде "Қашқадария" "Қашқашу" (Қасқасу) деген атаулардан тұратын мекендер бар. "Қаскелең" сөзінің мағынасы осы атауларға жақын келеді. Ал "Йелең" сөзі (қазақ тілінде қазір "желең", "желек") - өскін, балауса сынды мағынаны береді.
түбірі йел (жел) болуы да мүмкін. Этимологиялық сөздіктерде "Қаскелең" сөзі - соған орай "Тасыған судың лебі (өскіні)" деген мағына береді" деп айтылады.
Негізінен 1963 жылдан бері қала болып есептеледі. 1922 жылдан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы, Қаскелең қалалық әкімдігі орталығы.
Автор: Жания КОШПАН