Toyota Land Cruiser 300 келесі жылы жарық көреді

Primary tabs

Қзн 23, 2020 / 0 комментарии

Көліктің 3.3 литрлік дизельді моторы бар нұсқасы болады.

Жапониялық BestCarWeb басылымы Toyota Land Cruiser-дің жаңа буыны жайлы ақпарат беруін жалғастыруда. Оған сенсек, машина 2021 жылдың жазында таныстырылады. Көліктің ұзындығы — 4950 мм, ені — 1980 мм, ал биіктігі — 1880 мм. Клиренсі 2 900 мм-ге артуы мүмкін.

Капот астына қосарлы турбоүрлемі бар 3.5 литрлік V6 орнатылады. Басылым 300 аттың күшін беретін 3.5 литрлік моторы бар гибрид жөнінде де сөз қозғалды. Ондағы электрлі мотор 180-ге жуық күш қосуы тиіс. Одан бөлек 3.3 литрлік дизельді нұсқа жасалуы мүмкін. Бірақ ол жайлы нақты ақпарат жоқ.

Toyota Land Cruiser 300 презентуют летом 2021 года
 

Салонға 12.3 дюймдік мультимедиа кешені қойылады. Жабдықтар тізімінде Toyota Safety Sense жүйесінің толық жинағы бар. Жапондар әлі шықпаған машинаның бағасын да біліп алыпты. Ол қазіргі Land Cruiser-ден 500 мың иен, яғни 2 млн теңгеге қымбат болады.

BestCarWeb басылымы таратқан ақпараттың расталмағанын айта кеткен жөн. Toyota әлі Land Cruiser 200-дің ізбасарына қатысты мәлімет бермеді.