WhatsApp Ресейде бұғатталмайды

Primary tabs

Нау 12, 2022 / 0 комментарии

 

WhatsApp Ресейде бұғатталмайды деп хабарлайды kaskelen.kz желілік басылымы.

 

Мета экстремистік ұйым деп танылғаннан кейін оның өнімдерін Ресей Федерациясының аумағында бұғаттау туралы шешім қабылданды. Бұл Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріне қатысты деп танып, WhatsApp мессенджеріне тыйым салынбайтын болды.

 

«WhatsApp мессенджеріне блоктау шаралары жүргізілмейтін болды. Өйткені бұл мессенджер ақпарат тарату көзі емес, байланыс құралы», - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

 

11 наурызда Ресей Федерациясының бас прокуратурасы Meta Platforms Inc компаниясын сотқа берген болатын. Бас прокуратура Метаны экстремистік ұйым ретінде танып, оның ел аумағындағы қызметіне тыйым салуды талап етті. Кейінірек Ресейдің тергеу комитеті Facebook пен Instagram желісінде ресейлік әскери қызметкерлерге қарсы зорлық-зомбылық көрсету туралы заңсыз шақыруларға байланысты корпорацияға қарсы қылмыстық іс қозғады.