"World skills Талдыкорган 2021" Шамалған ауылындағы көпсалалы колледжде өтті

Primary tabs

Мау 09, 2021 / 0 комментарии

"World skills Талдыкорган 2021" аймақтық кәсіби шеберлік чемпионат Жастардың кәсіби дамуы мен өсуіне мүмкіндік береді. Ол жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға бағытталған халықаралық козғалыс болып табылады. Осы ауқымды шара биыл Шамалған ауылындағы  Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің базасында өтіп жатыр,-деп хабарлайды kaskelenkz тілшісі.

Чемпионатқа өңіріміздің әр ауданындағы 17 колледжден 30-дан астам үміткер қатысты. Жеңімпаз республикалық бәсекеге жолдама алатын болады. 

Атап өтсек, Алматы облысы, Қарасай  ауданына қарасты  Шамалған  ауылында  орналасқан  Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжінің іргетасы  1965 жылы  қаланған оқу орны. Көпсалалы колледжі  бүгінгі күнге дейін бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда талмай еңбек етуде.

 Көпсалалы колледж – арнайы, типтік оқу-өндірістік кешенінде  орналасқан: материалдық-техникалық базасы жылдан жылға нығайтылып келеді, 32 жалпы білім беретін және арнайы пәндер кабинеттері, 2 мультимедиялық кабинеті, 3 компьютерлік сыныбы заманауи компьютерлік техникамен және 30 интерактивті тақталарымен жабдықталған. 7 оқу-өндірістік шеберханасы мен оқу алаңы, стадион,  21900 оқулығы мен  500 ге жуық электрондық оқулықтары бар  кітапхана және 200 орынды басқа қалалардан келетін студенттерге арналған жатақханасы, медициналық пункт және 120 орынды асханасы бар. Көпсалалы колледжінде білім сапасының дамуы үшін студенттерге барлық жағдайы  жасалынған.

Бүгінгі күні  өңірдегі  жиырмадан астам мекемелер мен кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік жөнінде  келісім-шарттар жасап үнемі студенттердің тәжірибесін бірге  ұйымдастырып, жұмыспен қамтамасыз етуде.