Өткен тәулікте Алматы облысында 31 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Соның ішінде Талдықорған қаласы мен Талғар ауданында 7 жағдайдан, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарында 4 жағдайдан, Қарасай ауданында – 3, Жамбыл ауданында – 2, Іле, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында 1 жағдайдан тіркелді.