Алматы облысындағы Кербұлақ, Ұйғыр, Панфилов ауданының тұрғындары цемент зауытының кен орнына барар жолды жауып тастады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Үш ауданның тұрғындары Сарыөзек – Көктал бағытындағы республикалық маңызы бар асфальт жолдың ойраны шықты деп наразылығын білдірді. Олардың айтуынша, асфальттың бүлінуіне ауыр жүк көліктері себеп.