«Алтын ауыл» тұрғындары шағым айтуда
Главные вкладки
Редакциямызға «Алтын ауыл» ықшам ауданының тұрғындары хабарласты. Олар аталған ықшам аудандағы маңында автокөлік иелері жаяу жүргіншілерге арналған жолды жаппай, көліктерін ережеге сай қоюын сұрауда.
Сондай-ақ, ол жерді мекендеушілер мектепке барар жолдың дұрыс жасалмауы себебінен жауын-шашынның суы жиналып қалатынын, салдарынан мектепке баратын балаларға қиындық тудыратын жеткізді.
Осы ретте тұрғындар, тендер жеңіп алып, «Алтын ауылды» абаттандырып жатқан «Механизация строительства» ЖШС-інің өз жұмысына жауапты қарап, ал жергілікті әкімдіктің оларды жіті қадағалауын талап етуде.